Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: Петропавлдың кей тұрғындарына үйіне оралуға рұқсат етілді (фото)

Опубликовано:

Петропавл, Ойқала ауданының тұрғындары
Петропавл, Ойқала ауданының тұрғындары. Фото: Петропавл ПД

Петропавлда полиция қызметкерлері Ойқала ауданында үйін су баспаған тұрғындарға баспанасына оралуға көмектесіп жатыр. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, азаматтарды үйлеріне оралуға әкімдік және Төтенше жағдайлар департаменті рұқсат берген.

Бүгінде Ойқала ауданының едәуір бөлігін әлі де су басып жатыр. Полиция, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Полиция департаментінің басшылығы жеке құрамға қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы ғана емес, халыққа мүмкіндігінше жан-жақты көмек көрсету туралы тапсырма берді.

Ведомстодағылар тұрғындар, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, техник мамандар мен мүлікті бағалаушылар тәртіп сақшыларымен қажетті мекенжайларға барып жүр деп мәлім етті.

"Полиция қызметкерлері екі ауысымда патрульдейді. Біз жасақтар санын азайтпаймыз. Қазіргі уақытта су кетіп жатқан учаскелердегі қызметкерлерді су басуы мүмкін аймақтарға ауыстырып жатырмыз. Тұрғындар да мұндай шектеу шараларына түсіністікпен қарайды.

Бүгінгі таңда біз әкімдікпен және ТЖ департаментімен келісе отырып, бірінші және екінші толқын кезінде су баспаған үйлердің тұрғындарын баспаналарына өткізіп жатырмыз. Қазір олар заттарын әкеліп, үйлеріне көшіп жатыр. Жалпы, жағдай тұрақты", - дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

Қалалық полицияның қызметкерлері бекеттердегі кезекшіліктен, жаяу және қызметтік көлікпен патрульдеуден бөлек, су басқан аймақтарда моторлы қайықтарға мініп тәртіпті қадағалауда.

"Ұрлыққа жол бермеумен қатар, олардың міндеті – адамдардың суда жүру фактілерін болдырмау, өйткені бұл олардың қауіпсіздігіне, тіпті өміріне тікелей қауіп төндіреді. Жалпы, қаланың су басқан аудандарындағы жағдай тыныш, барлығы өз жұмыстарын атқарып жатыр. Адамдар билік өкілдерінің жұмысына түсіністікпен қарайды және судың кетуін асыға күтуде", - деді Әлібек Ғабдуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094365-su-tasqyny-petropavldyng-kei-turgyndaryna-uiine-oraluga-ruqsat-etildi-foto/

pixel