Оралда тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен екі жолаушы ұшақтан ауруханаға жеткізілді
Жарияланған күні:
Читать на русскомОралда ресейлік екі азамат 30 сәуірде тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ұшақтан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Бұл туралы "Орал апталығы" басылымы хабарлады.
Басылым мәліметінше, Алматыдан Оралға бет алған "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағында өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді.
Аталмыш ұшақ М.Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайына 30 сәуірде сағат 22.25-те қонған.
Жолаушылардың сөзіне қарағанда, ұшу кезінде екі адамның қызуы көтеріліп, құсқан.
БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, кеше түнде ресейлік екі азамат емдеу мекемесіне жеткізілген.
"Анамнез, эпиданамнез алынып, дәрігерлер қарағаннан кейін аталған екі адамнан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы тұрғылықты мекенжайына аттанып кетті", - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094371-oralda-tyrysqaq-auruyn-zhuqtyrdy-degen-kudikpen-eki-zholaushy-ushaqtan-auruhanaga-zhetkizildi/