jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Оралда тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен екі жолаушы ұшақтан ауруханаға жеткізілді

Әуежай
Әуежай. Фото: nn-airport.kz

Оралда ресейлік екі азамат 30 сәуірде тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ұшақтан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Бұл туралы "Орал апталығы" басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, Алматыдан Оралға бет алған "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағында өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді.

Аталмыш ұшақ М.Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайына 30 сәуірде сағат 22.25-те қонған.

Жолаушылардың сөзіне қарағанда, ұшу кезінде екі адамның қызуы көтеріліп, құсқан.

БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, кеше түнде ресейлік екі азамат емдеу мекемесіне жеткізілген.

"Анамнез, эпиданамнез алынып, дәрігерлер қарағаннан кейін аталған екі адамнан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы тұрғылықты мекенжайына аттанып кетті", - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Оралда тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен екі жолаушы ұшақтан ауруханаға жеткізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.