jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында өз бетінше тауға шығып, қайта түсе алмай қалған туристер құтқарылды (видео)

    Тауда жүрген адам
    Тауда жүрген адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында үш турист тауға шығып, өз бетінше түсе алмаған. Салдарынан құтқарушыларды көмекке шақыруға тура келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, 1 мамырда Түркістан облысы Қасқасу ауылында үш турист тауға шығып, түсе алмаған. Оқиға орнына облыстық ТЖД қызметкерлері келді.

    "Екі ер адам мен әйел теңіз деңгейінен 2800 км биікке көтеріліп, өз бетінше түсе алмады. Құтқарушылар шыңға көтеріліп, туристерге түсуге көмектесті", - делінген хабарламада.

    Ведомство дерегінше, туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ.

    Сондай-ақ ТЖМ өкілдері таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салып, төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша қоңырау шалуға шақырды.

    Түркістан облысында өз бетінше тауға шығып, қайта түсе алмай қалған туристер құтқарылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.