Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді

Опубликовано:

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: КТК арнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан басқару деген күдікпен тергеуді аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады.

Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.

Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094428-antikor-gulmira-satybaldyga-qatysty-isti-sotqa-zhiberdi/

pixel