jitsu gif branding logo appbranding logo app

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды: онлайн-трансляция

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Бүгін тараптардың жарыссөзы болуы керек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот отырысы Жоғарғы Соттың YouTube желісіндегі арнасында онлайн көрсетілуде. Сот процесі 2024 жылғы 2 мамырда сағат 10.00-де өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы 27 наурызда басталған болатын. Экс-министр азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп және оның туыс інісі қылмысты жасырды деп айыпталуда.

Сот процесі ашық режимде өтіп жатыр және кез келген адам Жоғарғы Сотының YouTube-тегі арнасынан онлайн-трансляцияны көре алады.

Айыпталушыға қатысты істі 12 адамнан тұратын алқабилер қарайды. Трансляция онлайн болғанымен, оларға қысым жасалмау үшін БАҚ өкілдеріне алқабилердің бет-жүзін көрсетуге тыйым салынған. Бұған дейін алқабилердің бірін көрсеткені үшін телеарналардың біріне айыппұл салынған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.