Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады

Опубликовано:

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман. Видеодан скриншот: youtube.com/@Assel_Kozhakova

Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуанлдық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманды сотқа куәгер ретінде шақыруды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот отырысынң басында жәбірленушілер жағы судья Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманды сотқа куә ретінде шақыруды сұрады.

"Біз Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан куәгер ретінде жауап алуды сұраймыз. Алқабилерден Бишімбаевқа: "Бұрынғы әйелдеріңізге күш қолдандыңыз ба?" деген сұрақ қойылды. Назым Қаһарман Бишімбаев қол көтерді, дәретхана есігін сындырды деген әңгімелерді сұқбатында айтқан", - деді адвокат.

Айыпталушының өзі қарсы болмаса да, Бишімбаевтың қорғаушылары наразылық білдірді. Судья Айжан Құлбаева куәгер Назым Қаһарманның бұл қылмыстық іске еш қатысы жоқ деп есептеп, оны сотқа шақырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы 27 наурызда басталған болатын. Экс-министр азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп және оның туыс інісі қылмысты жасырды деп айыпталуда.

Сот процесі ашық режимде өтіп жатыр және кез келген адам Жоғарғы Сотының YouTube-тегі арнасынан онлайн-трансляцияны көре алады.

Айыпталушыға қатысты істі 12 адамнан тұратын алқабилер қарайды. Трансляция онлайн болғанымен, оларға қысым жасалмау үшін БАҚ өкілдеріне алқабилердің бет-жүзін көрсетуге тыйым салынған. Бұған дейін алқабилердің бірін көрсеткені үшін телеарналардың біріне айыппұл салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094497-zhabirlenushiler-taraby-bishimbaevtyng-buryngy-aieli-nazym-qaharmandy-sotqa-kuager-retinde-shaqyrudy-surady/