Маңғыстау облысында әйелінің ар-намысына тиіп, күш көрсеткен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Жарияланған күні:
2 мамырда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында ер адам әйелінің ар-ожданына нұқсан келтіріп, күш көрсеткен. Нәтижесінде ол 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.
Түпқараған аудандық сотында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша Е. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
"Биыл 8 наурызда С. Шапағатов ауылы тұрғыны азамат Е. әйелі Н-мен сөзге келіспей қалып, оны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, бір қолымен мойнынан қылғындырған, физикалық күш қолданған", - деп жазылған хабарда.
Түпқараған аудандық соты баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сот қаулысымен Е. ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 күнге қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094569-manggystau-oblysynda-aielining-ar-namysyna-tiip-kush-korsetken-er-adam-10-taulikke-qamauga-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.