Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Қайрат Боранбаевқа тиесілі қонақ үй сатылды

Опубликовано:

Comfort Hotel Astana қонақүйі
Comfort Hotel Astana қонақүйі. Фото: e-auction.gosreestr.kz

Елордада Қайрат Боранбаевқа тиесілі Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін сату бойынша аукцион өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Электрондық сауда алаңына сілтеме жасап хабарлайды.

Электрондық сауда алаңы порталындағы ақпаратқа сәйкес, қонақ үйді сату бойынша аукцион сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер форматында өтті. Аукционды Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өткізді.

Қонақүйдің бастапқы құны 3 919 431 715 теңгеге бағаланып, кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңге болған. Жарияланған тендер шарты бойынша сатуға бір қатысушыға рұқсат етілген.

Порталда көрсетілген мәртебе бойынша аукцион сәтті өткен.

Еске салайық, 2023 жылдың қазан айында кәсіпкер Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін өз еркімен мемлекет меншігіне өткізген болатын. Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын қонақүй кешенінің жылдық айналымы 900 миллион теңгеге жуықтайтыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094572-astanada-qairat-boranbaevqa-tiesili-qonaq-ui-satyldy/