Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Актерлік шеберлігін қосты": адвокат Бишімбаев айғайға басып, "жылағанын" алдын ала жоспарлағанын айтты

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова оқиға болған күні Қуандық Бишімбаевтың "актерлік шеберлігін" қосқан сәт туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Адвокат Жанна Оразбахова Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні жедел жәрдем шақырған кездегі жазбасын қосуды бірнеше рет сұрағанын еске салды.

"Жедел жәрдемге қоңырау шалған кездегі жазбаны еске түсірейікші, Бишімбаевтың қорғаушысы біз оны тыңдауымызды талап етті, алдымен мен оған мән бермедім. Кейін сотта олардың бұл жазбаны қайталап тыңдауды не үшін сұрағанын түсіндім. "Салта, Салта, шынымен өліп кеттің бе?" деп айқайлап, жыламсыраған дауысты естисіз.

Бұл Бишімбаевтың соңғы ойластырған қойылымы болды. Алдын ала жоспарланған. Ол Байжановтың жедел жәрдем шақырып жатқанын, өлген адамды тірілтуге жасалған өтірік әрекеттерді көріп, кейін сотта оның кінәсіз екені туралы дәлелдер қажет болатынын түсінді.

Оның сол сәтте пайдаланған әрекеті. Өйткені Байжанов жедел жәрдем шақырып жатыр. Ол барлық актерлік шеберлігін қосып, "Салта, Салта" деп өкірген сыңай танытқанын естиміз. Бәріңізді жаңылыстыру үшін, осы қайғылы азаматқа, әйелінен айырылған адамға ұқсаттырды. Оған қоса ол қорғаушыларынан осыны іс материалдарына қосуды, сот қатысушылрына қорғаушылары қайта-қайта тыңдатуды сұрады", - деді қорғаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094698-akterlik-sheberligin-qosty-advokat-bishimbaev-aigaiga-basyp-zhylaganyn-aldyn-ala-zhosparlaganyn-aitty/