Астана әкімі қоғамдық көлікпен жүру ақысы өсетінін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен кездесуде елордада қоғамдық көлікте жол жүру тарифі қайта қаралатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астана әкіміне қоғамдық көлікте жол жүру тарифі өзгере ме деген сұрақ қойылды.
"Біз жазда жол жүру ақысы өзгереді деп күтеміз. Бұл тариф 10 жылдан астам уақыт бұрын бекітілген. Ол кезде құны 90 теңге, шамамен 110 теңге болады деп күтіледі. Бұл ақылға қонымды, осы уақыт ішінде жүргізушілердің жалақысы да, бензин құны да өзгерді. Бұл залда отырған барлық адамның жалақысы өзгерді. Сондықтан, менің ойымша, бұл орынды", - деді Жеңіс Қасымбек.
Оның мәліметінше, бүгінде әкімдік сапар жасаған әрбір жолаушы үшін шамамен 250-300 теңге субсидия төлейді.
"Мәслихат жақын арада шешім шығарады", - деді елорда әкімі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094920-astana-akimi-qogamdyq-kolikpen-zhuru-aqysy-osetinin-malimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.