Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: Атырау облысында еріктілердің бірін сарышаян шағып алды

Опубликовано:

Атырау облысында еріктіні сарышаян шағып алды
Атырау облысында еріктіні сарышаян шағып алды. Фото: ТЖМ

Атырау облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде еріктілердің бірін сарышаян шағып алды. Бұл тупалы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы ТЖД "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Құтқарушы-дәрігерлері зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетті.

"Сол қолын тістеген ерікті Атырау қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстандағы су тасқыны бойынша соңғы мәліметке сәйкес 41 мыңнан астам адам үйіне оралды.

Сондай-ақ құтқарушылар Жайық өзеніндегі судың Атырау облысына қарай бағыт алғанынбұған дейін атап өткен болатын. Атырауда өзен бойында жағалауды бекіту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094989-su-tasqyny-atyrau-oblysynda-saryshaian-eriktilerding-birin-shagyp-aldy/

pixel