jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші жер бетіне шығарылды

Кенші
Кенші. Фото: ТЖМ

Қарағандыдағы Костенко шахтасында Көмір департаментіне қарасты 4 конвейерлік штрегінде түтін тарады. 187 кенші шахтадан жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Qarmet компаниясының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Түтін шығуының алдын ала себебі - бөгде төменгі төсемнің ролигіне түсіп, оның жұмысын бұғаттауы. Бұл конвейер таспасында түтіннің шығуына себеп болды.

Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды.

Түтін шыққанда шахтада хабарлау жүйесі іске қосылған. Сағат 19:45 датчик сигналымен түтіннің шығу себебі жойылғанымен, эвакуциялау жоспары енгізіліп, 194 кеншіні жер бетіне шығару бойынша шешім қабылданған" , - делінген хабарламада.

Сағат 21:47-дегі мәлімет бойынша, 187 кенші жер бетіне шығарылған. Учаске басшылары мен бақылаушылар қатарынан 7 қызметкер оқиғаны бақылау, шахта жұмысын қадағалау үшін сол жерде қалған.

"Мән-жай анықталғаннан кейін 4 ауысымның жұмысын қайта бастау туралы шешім шығарылады", - деп хабарлады компания өкілдері.

Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші жер бетіне шығарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.