Ақтөбе облысындағы су басқан ауылда тұрғындар киіз үйлер мен палаткаларда тұруға мәжбүр (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары уақытша киіз үйлер мен палаткаларға орналасып жатыр. Берсиев атындағы ауылда 200 үйден 19 үй ғана су тасқынынан аман қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, су тасқынынан ең көп зардап шеккендердің бірі – Берсиев атындағы ауылға қазір палаткалар құрылып жатыр. Елді мекенге 125 палатка жеткізілген.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысынан мұнайшылар 20 киіз үйді су басқан ауылға жіберген. Тағы бесеуі демеушілер мен қайырымдылық ұйымдар арқылы сатып алынған.
Киіз үйлер мен шатырлардың ішіне электр жылытқыштар орнатылып, электр шамы қойылған.
Ауылдағы 200 үйден 19 үй ғана су тасқынынан аман қалған.
Жергілікті билік өкілдері барлық ауыл тұрғыны баспаналы болып, қажетті көмекке ие болады деп отыр.
"Қазіргі уақытта екі құрылыс компаниясы ауылға келді. Бірінші компания зардап шеккендерге 10 үй салуға кірісті. Екінші 4 үй салуды жоспарлап отыр. Оны бұрынғы үйдің орнына салады. Барлық қажет техника жеткізіліп жатыр", – деді ауылдық округ әкімі. Берсиева Нұрлыбек Шауменов.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095100-aqtobe-oblysyndagy-su-basqan-auylda-turgyndar-kiiz-uiler-men-palatkalarda-turuga-mazhbur-video/