jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Домофонды бұзып, терезеден сынған ыдыс лақтырған: елордада вандалдар жазаланды (видео)

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада вандализммен күресу және оның алдын алу бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары кезекті вандализм әрекеттерін анықтап, оларған тиісті шара қолданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, 25 сәуірде 49 жастағы ер адам Тайбурыл көшесінде орналасқан пәтерінің терезесінен сынған ыдыстарды лақтырған. Осылайша ол аулада тұрған көліктің алдыңғы терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірді. Вандализм әрекетін жасаған адам анықталып, тиісті жазаға тартылды.

Тағы бір жағдайда, 1 мамырда күні 58 жастағы ер адам мас күйде Мәңгілік ел даңғылы, 36/3 мекенжайында Asylym prime тұрғын үй кешеніндегі домофонды сындырған. Оның жеке басы анықталып, жауапкершілікке тартылды.

"Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана сындырғаны, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 100-ден астам адам жазаланды. Олардың бәрі жауапқа тартылды. Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі", - делінген әкімдік хабарында.

Домофонды бұзып, терезеден сынған ыдыс лақтырған: елордада вандалдар жазаланды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.