Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған ғана қоқан-лоқы көрсетесіз": Бишімбаевтың адвокаты судьямен тағы да дауласып қалды

Опубликовано:

Ерлан Ғазымжанов
Ерлан Ғазымжанов. Видеодан кадр: ҚР Жоғарғы сотының YouTube-арнасы

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сот отырысында оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі. Адвокат судьямен тағы да дауласып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот жарыссөзінде адвокат Рамазановадан кейін адвокат Ғазымжанов сөз сөйледі.

Ол Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылғанын атап өтті.

Адвокат айыптау бойынша үш рет ұрып-соғу болғанын айтты.

"Қылмыстық кодекстегі аталған бапты ашсаңыз, онда азаптау – жүйелі түрде ұрып-соғу деп жазылғанын көресіз, бірақ некеде болған кезде үш жағдай ғана болған. Бұл жүйелі түрде ұрып-соғу ма? Олар бірге қыдырды, қымбат әшекей тағып, киім алды, үш рет қана жанжал шығарды. Бұл жүйелі азаптау, жүйелі түрде ұрып-соғуға жата ма? Онда әрбір отбасының ісіне араласып, жылына үш жанжал үшін әр отағасына 4 жылдан 7 жылға дейін берейік", - деді Ғазымжанов.

Осы кезде судья Айжан Құлбаева қорғаушыны тоқтатып, сөгіс жариялады.

"Құрметті сот, сіз маған үнемі қоқан-лоқы көрсетесіз, бірақ бұл неге басқаларға қатысты олай емес", - деді адвокат.

"Сіз Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын білесіз бе? Бірінші бөлімде дәлелденген жағдайлар бойынша ғана сөйлейсіз. Егер сіз өзіңізді осылай ұстасаңыз, сот тиісті жауапты қайтарады. Бұл қоқан-лоқы емес", - деп ескертті судья.

Кейін судья адвокат Ғазымжановқа тағы сөгіс жариялады.

"Қорғаушы, сіздің ұстанымыңызды ескере отырып, мен сізге әлі де егжей-тегжейлі түсіндіруім керек болып тұр. Өйткені сіз қорғаушы, жарыссөздің бірінші бөлігі дәлелденбеген нұсқаларды айтпауыңыз керек.

Сот жаңа ғана сізге үш рет сөгіс жариялады. Алайда осыған қарамастан, сіз әлі де алқабилердің алдында негізгіз жағдайларды қайталап айтып жатырсыз", - деді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095262-magan-gana-qoqan-loqy-korsetesiz-advokat-bishimbaev-sudiamen-tagy-da-daulasyp-qaldy/