Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да тұрғындар автожолдардың бірін бөренелермен бөгеп тастаған (видео)

Опубликовано:

Тұрғындр жолды бөренемен жауып тастаған
Тұрғындр жолды бөренемен жауып тастаған. Видеодпн кадр: ШҚО ПД

ШҚО-да масаң күйдегі тұрғындар автожолдардың бірін бөренелермен бөгеп тастап, жолаушыларға кедергі келтірген. Олар жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Таңертең Алтай қаласында 20 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын әзіл үшін жолға кептірілген бұтақтарды жайып, бөренелерді қойып кеткен. Ауызша жауап алу кезінде олар осылай әзілдегісі келгендерін айтқан", - делінген хабарламада.

Ер адамдар сараптамадан өтіп, олар бұзақылық жасау кезінде орташа дәрежедегі алкогольге масаң күйде болғаны анықталған.

Ведомство мәліметінше, полиция өкілдері құқық бұзушыларды "Ұсақ бұзақылық жасағаны" үшін жауапқа тартты.

ШҚО полиция департаменті ұсақ құқықбұзушылыққа, тұрмыстық зорлық-зомбылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу, тіпті қоқыс тастау сияқты кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін еске салды.

Осыған байланысты полицейлер азаматтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытуға, заңды бұзбауға, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылықты байқаған жағдайда, бей-жай қарамай, бұл туралы "102" арнасына хабарлауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095304-shqo-da-turgyndar-avtozholdardyng-birin-borenelermen-bogep-tastagan-video/