Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ тілін әңгімелесу арқылы үйрендім": 13 тіл меңгерген ақтаулық мейірбике туралы не білеміз

Опубликовано:

Самира Абдуллаева
Самира Абдуллаева. Видеодан кадр: qazaqstantv/

13 тілді меңгерген ақтаулық Самира Абдуллаева қаладағы мектептердің бірінде мейірбике болып жұмыс істейді. Ол елге деген құрметім ретінде, шетелдіктерге қазақ тілін үйретем дейді, Qazaqstan телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында.

Телеарна мәліметінше, ұлты әзербайжан отандасымыз көп тіл білуге деген қызығушылық халықаралық қатынастар мамандығын оқығанда туғанын айтады.

Кейін Самира тілдердің емлесін ұғынып, тез жаттап алуды әдетке айналдырған.

Бүгінде екі баланың анасы, мектепте мейірбике болып қызмет ететін Самира Абдуллаева орыс, ағылшын, түрік, үнді, иран, грузин, малай, португал тағы басқа тілдерінде еркін сөйлеп, қала қонақтарымен өз тілінде сөйлескенді жақсы көреді.

"1998 жылдан бері Қазақстанның керемет Ақтау қаласында тұрамын. Өте ризамын. Қазақ халқына алғысым шексіз. Қазақ тілін әңгімелесу арқылы үйрендім. Қазақ тілі - бай тіл. Менің ана тілім сияқты. Елге құрметім шетелдіктерді ретінде мемлекеттік тілді білуге тартып, үйренуге көмектесемін", - дейді Самира Абдуллаева.

Полиглот мейірбике қазақтың салт-дәстүрін де үйреніп, ұлттық тағамдарды жиі дайындайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095373-qazaq-tilin-anggimelesu-arqyly-uirendim-13-til-biletin-aqtaulyq-meiirbike-turly-ne-bilemiz-video/

pixel