jitsu gif
Шоубиз

    "Бір кездері мен де қызымнан айырылғанмын": Бишімбаев сотта кешірім сұрады

    Қуандық Бишімбаев сотта
    Қуандық Бишімбаев сот залында: t.me/Jogargy_sot

    Бүгін Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сот жарыссөзінде Қуандық Бишімбаев марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, "бір кездері өзі де қызынан айырылғанын" айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мен кешірім күтпеймін... Бірақ жәбірленушілер тарапынан – Салтанаттың ағасынан, ата-анасынан кешірім сұраймын. Сіздерге қалай түсіндірсем екен, менің өмірім... енді ол...

    Мен де бір кездері қызымнан айырылдым. Жиырма үште болған кезімде менің екі жасар қызым бар еді, ауырып қайтыс болды.

    Мұны бұл жағдаймен салыстыруға келмейтінін түсінемін. Өмірімде ешкімді қасақана өлтіргім келмеген. Бірақ тағдырым солай болды, сондықтан мен барлығынан кешірім сұраймын. Иә, бәрінен сұраймын. Ренжітіп алған адамдардың барлығынан кешірім сұраймын. Бүкіл ел қарап отырғанын, әлем қарап отырғанын түсінемін. Менің әрекетім барлығының сезіміне селкеу түсірді", - деді Бишімбаев.

    Ол әлеуметтік желілер мен БАҚ-та өзіне деген өшпенділікке "төзуі керек екенін" және "бұдан өтуі керектігін", сондай-ақ жазаны "күнәсін өтеу" деп санайтынын айтты.

    "Бір кездері мен де қызымнан айырылғанмын": Бишімбаев сотта кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.