"Газ баллонын шашқан": Астанада ер адам автобуста қоғамдық тәртіпті бұзды
Жарияланған күні:
Желіде Астанадағы автобуста жолаушылардың бірі қоғамдық тәртіпті бұзып, оған ескерту айтқан азаматқа газ баллонын шашқаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Әкімдік ақпараты бойынша, 1 мамырда №21 бағытындағы автобус Ailand отбасылық демалыс орталығы маңында орналасқан аялдамада жолаушылардың бірі автобус қызметкеріне жол ақысы төленгені туралы чек көрсетуден бас тартып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Өзге автобус жолаушылары ер адамға ескерту жасаған. Алайда ер адам жолаушылардың біріне газ баллонын шашты.
Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Әкімдік өкілдері қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақытылы төлеу, төлемді тексеруге көрсету, сондай-ақ өзге жолаушыларды құрметтеу керегін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095592-gaz-shashqan-astanada-er-adam-avtobusta-qogamdyq-tartipti-buzdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.