Елімізде су тасқыны жағдайы қандай: ТЖМ жаңа ақпарат жариялады
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы су тасқыны жағдайы бойынша жаңа ақпаратты бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 11.00-дегі ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 48 750 адам үйіне оралды.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, 8378 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылған.
Су тасқыны басталғаннан бері 14,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылған.
Сондай-ақ 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095847-elimizde-su-tasqyny-zhagdaiy-qandai-tzhm-okilderi-zhauap-berdi/