Бишімбаев соты: жарыссөздің бірінші бөлімі аяқталып, алқабилер мен БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды
Жарияланған күні:
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша тараптар арасындағы пікірталастың екінші бөлігі алқабилер мен БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз жабық есік жағдайында басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жарыссөздің бірінші бөлігі аяқталғаннан кейін сот үзіліске шықты. Үзілістен кейін судья Айжан Құлбаева тараптар арасындағы жарыссөздің екінші бөлігі алқабилердің қатысуынсыз өтетінін айтып, олардың демалыс бөлмесіне өтуін сұрады.
Ол сондай-ақ БАҚ өкілдерін сот залынан шығарып, онлайн-трансляцияны өшіру қажет екенін айтты.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 651-бабына сәйкес, сот жарыссөзінің екінші бөлігі алқабилерсіз өтеді. Бұл бұған дейін алқабилер болмаған жағдайда олардың құзыретіне кірмейтін мәселелер талқыланады деп түсіндірілген.
Ал сот талқылауының екінші бөлігінде трансляцияны тоқтатып, БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды сұраймын", - деді судья.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095898-bishimbaev-soty-zharyssozding-birinshi-bolimi-aiaqtalyp-alqabiler-men-baq-okilderi-sot-zalynan-shygaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.