jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы басшысы ұсталды": Ақмола облыстық ПД түсінік берді

көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкері Астанада мас күйде көлік жүргізіп, ұсталды деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті түсінікт берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кей ақпарат көздері Астанада Ақмола облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы көлікті мас күйде тізгіндегені үшін ұсталғанын хабарлады", - делінген ақпарат тарады желіде.

Бұл жайт туралы NUR.KZ тілшісіне Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі түсінік берді.

"Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкері көлікті мас күйде тізгіндегені үшін жауапкершілікке тартылды, тексеріс қорытындысы бойынша полиция департаменті жұмыстан шығаруға дейін қатаң тәртіптік шаралар қолданады", - деп жауап берді облыстық ПД өкілдері.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы басшысы ұсталды": Ақмола облыстық ПД түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.