Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде АҚШ штаты губернаторының Қонаевқа жазған хаты жарияланды (фото)

Жарияланған күні:

Дінмұхамед Қонаев пен Хо Ши Мин
Дінмұхамед Қонаев пен Хо Ши Мин. Фото: t.me/bort_01

Нью-Джерси штатының губернаторы Роберт Б.Майнердің Дінмұхаммед Қонаевқа жазған хаты жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дінмұхамед Қонаев музейіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хат музейдің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Жазбаның астына хат 1959 жылы, яғни 65 жыл бұрын жазылғаны көрсетілген.

"Құрметті Қонаев мырза, бұл – Майнер ханым мен мен сізге және қызметкерлеріңізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін жеке алғыс айтқым келеді.

Қонақжайлық танытқаныңыз үшін және бізге мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін ықыласпен түсіндіріп, көптеген мемлекеттік мекемемен жеке танысуға мүмкіндік бергеніңіз үшін өте ризамыз.

Алдағы уақытта Америка Құрама Штаттарына келуге мүмкіндігіңіз болады деп үміттенеміз. Келетін болсаңыз, Нью-Джерси штатымен танысуды да жоспарыңызға қосыңыз", - делінген губернатордың хатында.

Хат орыс тілінде жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096123-zhelide-aqsh-shtaty-gubernatorynyng-qonaevqa-zhazgan-haty-zhariialandy-foto/