Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор ветеринарлық станцияның бас есепшісін туысының шотына ақша аударып жатқан жерінен ұстады

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда ветеринарлық станцияның бас есепшісі алаяқтық жасады, пара беруге итермеледі деген айыппен сот алдында жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай қаласының №2 сотында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін йҚостанай ауданының ветеринариялық станциясы КММ бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

2023 жылғы 07 маусымда жеке кәсіпорын мердігер ретінде басшысының атынан тапсырыс беруші "Қостанай ауданының ветеринариялық станциясы" КММ басшысы ның атынан көлік құралдарына 2 398 800 теңге сомасына газ жабдығын орнату туралы шарт жасаған.

Мердігер шарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықсыз толық көлемде орындады.

Айыпталушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қаражатты уақтылы төлегені, орындалған жұмыстарды қандай да бір шағымсыз қабылдағаны және орнатылған газ жабдығы құрылғысына кепілдік қызмет көрсету туралы талап қоймағаны үшін оның басшылығы А. - дан 250 000 теңге беруін сұрап отырғандығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлап, көмекшісі арқылы пара беруге көндіреді.

2023 жылғы 18 қыркүйекте талап етілетін соманы айыпталушы көрсеткен банктегі ағасына тиесілі шотқа аударды.

Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстайды.

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға өмір бойы лауазымдарды атқару құқығынан айырып, түпкілікті ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолдана отырып – ҚАЖ ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәні ішінара мойындаған.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 3-тармағының санкциясы 3 жылға дейін немесе онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, 4000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Қылмыстың кодекстің 367-бабының 2-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 30 еседен 40 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Жасалған іс-әрекеттің жеке басын, сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті Қылмыстың кодекстің 58-бабы 3-бөлігін қолдана отырып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен, пара сомасының 26,7 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде – 6 600 000 теңгеден астам сомада айыппұл салу жазасын тағайындады.

Мемлекет кірісіне пара сомасы 250 000 теңге аударылды. Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096183-antikor-veterinarlyq-stantsiianyng-bas-esepshisin-tuysynyng-shotyna-aqsha-audaryp-zhatqan-zherinen-ustady/

pixel