jitsu gif

Жастармен ADAL URPAQ атты кездесу өтті

Кездесуден көрініс
Кездесуден көрініс. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

4 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында "Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен Adal Urpaq атты жастармен кездесу өтті.

Кездесу жастардың бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өтті.

Спикерлер:

1. Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, "Ер-Бақыт" спорттық клубының төрағасы, ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы – Марат Қойлыбаев;

2. ММА жауынгері, М-1жеңіл салмақтағы чемпионы – Сергей Морозов;

3. Ақтөбе қаласы полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі – Әсет Қалиев;

Кездесуде қала жастары спикерлерге көкейкесті сауалдарын қойып, тікелей жауап алды.

Шара барысында 800 тарта қала жастары қамтылды.

Кездесуден көрініс
Кездесуден көрініс. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Кездесуден көрініс
Кездесуден көрініс. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.