jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

    қоғамдық көлік
    Көрнекі фото: pexels.com

    Астана қаласында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жол жиегіндегі автобустың видеосы Telegram желісіндегі Astanovka98 парақшасында пайда болды. Жазба авторы Республика даңғылында қоғамдық көлік бір адамды қағып кеткенін хабарлады. Аталған жайтқа қатысты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

    "Осы жылдың 4 мамырында қоғамдық көлік жүргізушісі Иманов көшесінен Республика даңғылының бойымен келе жатып, белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кетті", - делінген хабарламада.

    Құқыққорғаушылардың мәліметінше, автобус рөліндегі азамат бірден тежегіш басқан. Салдарынан салонда жолаушылардың бірі құлап қалған. Қалалық ПД мәліметтері бойынша, жаяу жүргінші де, жолаушы да ауруханаға жеткізілді.

    "Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Астана полиция департаменті жаяу жүргіншілерден жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, жолда тек белгіленген орындардан ғана өтуді сұрайды. Жолдан өту кезінде барынша мұқият болу керек", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.

    Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.