"Әзілдейтін зат емес": той үстінде ер адамды бесікке бөлегендер жұрттың ашуына тиді (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде той үстінде жасалған ерекше рәсімнің видеосы жаппай тарауда. Онда жиналған қауым ересек адамды бесікке бөлеп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеода асаба тойдың тарихта қалатынын айтады. Артынша әжейлердің бірі ер адамды бесікке бөлеп, тербете жөнеледі.
"Балалардың өзі күліп жатыр. Анасы тербетеді", - дейді асаба.
Ал сәлден соң Жазира Байырбекованың "Тұсау кесер" әні қосылып, шашу шашылады.
Бұл видеоны көпшілік құптаған жоқ. Олар тойға жиналған жұрт қазақтың салт-дәстүрін мазаққа айналдырды деп есептейді.
"Масқара, қазағыма не болған?", "Мұндай салт жоқ, тек күлкі, ұят", "Қазақтың бесігін мазақ етіп отырсыңдар ма?", "Ойына не келсе, соны жасайтын болыпты", "Нағыз ақымақтық", "Бесіктің киесі бар, әзілдейтін зат емес", "Бесікті неге ойынға айналдырған?", "Мұндай ырымның бар екенін білмеппін", "Әлем есінен адасып жатыр", - деп жазды көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096582-kiesi-atsyn-toi-ustinde-er-adamdy-besikke-bolegender-zhurttyng-ashuyna-tidi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.