Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер алаяқтардың ҰҚК атынан таратқан хаттарын жариялады (фото)

Опубликовано:

ҰҚК-ның ресми бланкі
ҰҚК-ның ресми бланкі. Фото: instagram.com/polisia_aqtobe

Ақтөбе облысында тұрғындарға "ҰҚК-ның ресми бланкінде" жазылған хаттар, сондай-ақ "тұрақты куратор" туралы хабарламалар келіп түсе бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, полицияның ескертулеріне қарамастан, қазақстандықтар әлі күнге дейін алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалып отыр.

Мәселен, соңғы уақытта өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері деп таныстыратын телефон алаяқтар саны артқан.

"Қаскүнемдер азаматтармен Telegram желісі арқылы байланысқа шығып, олардан алаяқтарды ұстау мақсатында қаржылық операцияларды жүргізуге жәрдемдесуді сұрайды, тіпті фирмалық бланкідегі ресми хат жібереді. "Көмектесуден" бас тартқан жағдайда (алаяқтар – ред. ескертпесі) азаматтарды қорқытып, олардың қылмыстық қудалауға ұшырайтынын айтады. Алаяқтардың басты мақсаты – азаматтарды алдап, олардың ақшасын заңсыз иемдену", - делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, ПД ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтарды несие ресімдеуге, ақша қаражатын аударуға және өзге де қаржылық операцияларды жасауға міндеттей алмайды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары егер азаматтарға осыған ұқсас күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар келіп түссе немесе әлеуметтік желі арқылы күдікті адамдар байланысқа шықса, дереу полицияға хабарлауды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096969-politseiler-alaiaqtardyng-uqk-atynan-taratqan-hattaryn-zhariialady-foto/