Тағы бір шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көргенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық келіншек БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып жұмыс істейтін күйеуін ұрды деп айыптады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстандық әйелдің видеоүндеуі "Немолчи" қорының Instagram-дағы парақшасында пайда болды.
"Менің есімім – Мамаш Карина Госманқызы, Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі елшісі кеңесшісі болып жұмыс істейтін күйеуім кеше мені және қонаққа келген үлкен әпкемді ұрып-соқты, мемлекетімізден көмек сұраймын. Үндемеуден, төзуден шаршадым.
10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған және оның қасындағы балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын", - дейді әйел видеода.
Қор жария еткен жазбада Карина Мамашқа қауіп төніп тұрғандықтан баспана қажет екені айтылған. Сондай-ақ қазақстандық әйелдің дене жарақаты көрстеліген фотосуреттер қоса берілген.
NUR.KZ тілшісі бұл жағдай бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне хабарласты.
"Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Ал Ішкі істер министрлігі СІМ-ге хабарласу керегін, әзірше ведомстводан басқа түсініктемелер келмегенін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097095-tagy-bir-sheneunikting-aieli-kuieuinen-10-zhyl-boiy-zabir-korgenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.