Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ер адамдар көбіне қай салада жұмыс істейді

Опубликовано:

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық статистика бюросы қазақстандық ер азаматтар көбіне қай салада еңбек ететіні туралы мәлімет жариялады. Елімізде ерлер көбіне өнеркәсіп секторында жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған ерлер саны – 4 711,7 мың адам. Оның ішінде қалалық жерде еңбекпен қамтылғандар – 2 831,4 мың, ауылдық жерде – 1 880,3 мың адам жұмыс істейді.

Ерлердің көбі өнеркәсіп секторында жұмыс істейді, бұл секторда 777,5 мың ер адам еңбек етеді. Одан кейінгі орында – 653,2 мың адам жұмыс істейтін көтерме және бөлшек сауда саласы.

637,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтыған ауыл шаруашылығы саласы – үшінші орында.

Төртінші кезекте құрылыс саласы, еліміздің 520 мың ер азаматы осы салада нәпақа тауып жүр, ал көлік пен қойма бағытындағы жұмыстарда 513,1 мың ер адам еңбек етеді.

Мемлекеттік басқару және қорғаныс істері 335,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Басқа салалардағы ерлер саны:

  • білім беру – 310,9 мың адам
  • денсаулық сақтау – 160,8 мың адам
  • әкімшілік және қосалқы қызметтер – 159 мың адам
  • кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 126,4 мың адам
  • ақпарат және байланыс – 109,2 мың адам
  • қаржы және сақтандыру – 84 мың адам
  • тамақтану секторы– 72,3 мың адам
  • жылжымайтын мүлік – 68,7 мың адам
  • өнер және ойын-сауық – 59,4 мың адам
  • басқа да қызметтерді көрсету – 124,3 мың адам

Сонымен қатар жұмыспен қамтылған ерлердің негізгі бөлігін (1,2 млн) 35-44 жас аралығындағылар, ал 51,7 мың ер адамның қосымша жұмысы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097119-qazaqstanda-er-adamdar-kobine-qai-salada-zhumys-isteidi/

pixel