Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда қанша нысанды әлі су басып тұр (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Құлсары қаласындағы су сору жұмыстары
Құлсары қаласындағы су сору жұмыстары: ТЖМ

Құтқарушылар Атырау облысындағы Құлсары қаласының су басқан көшелерінен суды сору жұмыстарын жалғастыруда. Эвакуация пункттерінде әлі 600-ге жуық бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Атырау облысының Құлсары қаласында ҚР ТЖМ құтқарушылар күштерінің топтары 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген болатын. Айта кетейік, қазіргі таңда тек 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.

Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Кадрларда түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.

Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 585 адам бар, олардың 279-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097293-qulsaryda-ali-qansha-nysandy-su-basyp-tur-foto-video/