jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен": Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы естелік айтты

Әлия Қошқарбаева
Әлия Қошқарбаева. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqstantv/

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естеліктерін бөлісті. Бұл туралы батырдың қызы "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Әлия Қошқарбаеваның айтуынша, әкесі рейхстагқа ту тіккенін ерлік деп санамаған.

"Ол соғыс жайлы көп айта бермейтін. Әкемнің рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын", - дейді Әлия Қошқарбаева.

Рақымжан Қошқарбаев рейхстагқа ту тіккенде 19 жаста болған.

"Менің жолым болды дейтін. 19 жаста ерлік жасады. Қазіргі балалар не ойлайды? Батырлықты ойламайды ғой.

30 сәуірде рейхстагқа ту тіккенде тірі қалған Григорий Болатов екеуміз деп айтатын. Жан-жақтан атқылаған оқтан аман қалу өте қиын. 8 сағат бойы бас көтермей, жер бауырлап рейхстагқа жеткен. Сол кезде 400 метр жерге бас көтермей жеткенде екі адам ғана тірі қалған ғой", - деді Әлия Қошқарбаева.

"Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен": Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы естелік айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.