Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті

Опубликовано:

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын  өтті
БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті: БҚО әкімдігі

Бүгін «Атамекен» өнер орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев ел дамуында ер азаматтардың орны мен ерлігін тілге тиек етіп, кешегі өңірімізде орын алған су тасқыны кезінде жасаған еңбектеріне ерекше тоқталды.

«Облысымыздан және басқа да өңірлерден 3 мыңға жуық күштік құрылым қызметкерлерімен қатар, елдің нағыз патриоттары, елдің болашақ қорғандары жастар қауымы қиын сәтте ұйымшылдық танытып, ел үшін аянбайтындарын дәлелдеді. Бұдан бөлек, еріктілер мен қарапайым тұрғындарымыз да күндіз-түні тасқын суға қарсы жұмыстарға қол ұшын созды.

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын  өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Нәтижесінде, уақытылы қабылданған шаралардың арқасында Орал қаласы мен облысымыздың 4 ауданында орналасқан 84 елді мекенін су тасқынынан аман алып қалдық», - деді өз құттықтауында облыс әкімі.

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын  өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Шара марапаттау рәсімімен жалғасып, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған күштік құрылым қызметкерлері мен сыни сағатта қолдау білдірген жандар марапат төрінен көрінді.

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын  өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын  өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097383-bqo-da-otan-qorgaushylar-kunine-orai-saltanatty-zhiyn-otti/

pixel