Полиция қызметкері соққыға жығылды деген ақпаратқа қатысты Ақмола облыстық ПД тергеу бастады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Ақмола облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары қарамағындағы қызметкерді ұрды деген ақпарат пайда болды. Ведомство қызметтік тергеу басталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақпарат Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында пайда болды.
"Кейбір ақпарат көздері Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары өзінің қарамағындағы қызметкерін жұрттың көзінше ұрып-соққаны туралы хабарлады", - деп жазылған арна таратқан мәліметте.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері жазбаға пікір қалдырып, бұл жағдайға қатысты жауап жазған.
"Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде", - деп қысқаша жауап берген ведомство өкілдері.
Сондай-ақ бұған дейін желіде Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкері Астанада мас күйде көлік жүргізгені жауапкершілікке тартылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097395-politsiia-qyzmetkeri-soqqyga-zhygyldy-degen-aqparatqa-qatysty-aqmola-oblystyq-pd-tergeu-bastady/