Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/100baksoff

Алматыда бүгін, 7 мамырда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Қалалық полиция департаменті полицейлердің зардап шекпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар бірден бірнеше қоғамдық парақшада пайда болды. Солардың бірі Instagram-дағы 100baksoff паблигінде кадрлар жарияланды.

Видеода ағаш түбінен сынып, жанына қарай құлағанын көруге болады. Ағаш діңі патрульдік полиция көлігінің үстіне құлаған. Көліктің алдыңғы терезесінің әйнегі сынып, төбесі түгел майысып қалған.

Жазба авторларының айтуынша, оқиға Алматыдағы Нүсіпбеков көшесінде болған.

"Апта бойы жауған жауын-шашын салдарынан көптеген ағаштың тамыры әлсіреп, тіпті шіріп кетті, соның салдарынан олардың бірі тоқтап тұрған көліктерге, соның ішінде патрульдік полиция көлігіне құлады", - делінген хабарламада.

Бұл жағдайға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

"Оқиға 7 мамырда сағат 11:15-те Алматының Медеу ауданында болды, қызметтік көлікте болған учаскелік инспекторлар зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097419-almatyda-patruldik-politsiia-koligining-ustine-agash-qulady-video/

pixel