Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев қаласында жүргізуші итті көлігіне байлап сүйрегені үшін жазаланды

Жарияланған күні:

Оқиғаның видеосынан кадр
Оқиғаның видеосынан кадр. Фото: instagram.com/kris__p__almaty

Алматы облысының Қонаев қаласында жүргізуші итті өз көлігіне байлап, жол бойымен сүйреген. Бұл үшін ол әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосын Instagram-дағы Kris P Almaty парақшасында жарияланды. Онда байланған ит көлік соңынан қуып жетуге тырысқанын көруге болады.

Бұл жағдайға байланысты облыс полициясының өкілдері түсінік берді.

"Құқықбұзушыны қалалық полиция қызметкерлері анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлаймыз", - деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері.

Сондай-ақ, полиция пост авторына белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық тәртіп органдарына көмегі үшін алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097590-qonaev-qalasynda-zhurgizushi-itin-koligine-bailap-suiregeni-ushin-zhazalandy/