jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына - 79 жыл. 9 мамыр – Жеңіс күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы "Жеңіс" алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараға еңбек ардагерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Жиналғандар сұрапыл соғыс жылдарында кеудесін отқа тосып, бейбітшілік үшін күрескен батырларға тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне барды.

Атап айтқанда, Нариман Төреғалиев соғыс ардагерлері – Иван Гапичті, Вениамин Скаленконы және тыл ардагері – Ақбай Жайсаңды Жеңіс күнімен құттықтады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі соғыс ардагерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан құттықтау хаттарын табыс етті.

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

"Ардагерлеріміздің ұлы ерлігін әрбір қазақстандық құрметтеп, есте сақтауы керек. Сіздердің арқаларыңызда қазіргі ұрпақ бейбіт күнде өмір сүріп жатыр. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің ортақ парызымыз. Оларға қолдау білдіру әрқашан мемлекеттің басты назарында болады", - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында ҰОС-ның 14 ардагерлері бар. Биыл 9 мамыр қарсаңында олардың әрқайсысына 1,5 млн.теңгеден әлеуметтік көмек берілді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.