Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды

Опубликовано:

Мұнаралы кран
Мұнаралы кран. Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыстық құрылыс басқармасы мен аудан әкімдеріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды.

"Зардап шеккен тұрғындарға салынатын тұрғын үйлерді уақытында аяқтау жөніндегі Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі аудандарында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс басқармасы мен аудандардың әкімдеріне барлық жұмыстарды уақытылы аяқтап, тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырамын", - деп атап өтті облыс әкімі.

Аудандарда құрылған арнайы комиссиялар су тасқыны шығындарын анықтау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Қазіргі уақытта жаңа тұрғын үйлер салу үшін жер учаскелері белгіленді. Мердігер компаниялар анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.

Құрылыс жұмыстарын бақылау облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, салаға жауапты орынбасарына тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097911-bqo-akimi-su-tasqynynan-zardap-shekken-turgyndarga-salynatyn-uilerding-qurylysyn-zhedeldetudi-tapsyrdy/

pixel