jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Көлемі жаңғақтай": Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында бұршақ жауды

бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар ауылдарында ауа райы қолайсыз болып, өңірде бұршақ жауып, найзағай ойнады. Кейбір ауылдарда көлемі жаңғақтай бұршақ жауды, деп хабарлайды Петропавловск.news порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, өңірде күннің жылынуына қарамастан, бүгін, 9 мамырда Солтүстік Қазақстанның бірқатар аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауған.

Ауылында жаңбыр мен бұршақ жауған тұрғындар желіде фото, видеолар жариялаған.

Бұршақ
Бұршақ. Фото: pkzsk.info

Кадрларда алдымен Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Возвышенка ауылында үлкен көлемдегі бұршақтың жауып жатқаны көрсетіледі. Кейін Ковыльное және Рузаевка ауылдарында да бұршақ жауғаны белгілі болды.

Басылым тілшілері мамырда мұндай құбылмалы ауа райы Солтүстік Қазақстан облысы үшін таңсық емес екенін атап өтті. Осыдан тура бір жыл бұрын облыста көктемде қатты дауыл соғып, бұршақ пен жаңбыр жауған болатын.

"Көлемі жаңғақтай": Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында бұршақ жауды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.