Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысының онлайн-трансляциясы бар-жоғы екі минутқа созылды

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Астанада экс-министр Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты сот процесі жалғасты, бірақ отырыс екі минутқа ғана созылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де басталды – судья тараптарды түгендеп, отырыс кейбір адвокаттардың қатысуынсыз өтуі мүмкін екенін ескертті.

"Алдыңғы сот отырысында сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың соңғы сөзі тыңдалды және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 653-бабының талабына сәйкес, тараптар алқабилердің қатысуымен сот шешетін сұрақтарды талқылауға тиіс.

Дәл осы бапқа сәйкес, алқабилердің қатысуымен сот шешетін сұрақтарды талқылау және құрау кезінде алқабилер кеңесу бөлмесінде болуы керек", - деді судья Айжан Құлбаева

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көруге болады.

Осыдан кейін судья алқабилер мен БАҚ өкілдерінен залдан шыға тұруды және хабар таратуды тоқтатуды сұрады. Судья алқабилерге сұрақтар қашан қойылатынын айтқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098064-quandyq-bishimbaevtyng-isi-boiynsha-sot-otyrysy-bastaldy-onlain-transliatsiia/