Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының әкімі аймақ тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

Опубликовано:

"Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат"
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Тағзым" алаңында өткен "Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат" атты салтанатты шараға қатысып, аймақ тұрғындарын құттықтады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жеңімпаз аға буынға қарыздармыз. Олардың өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Майдангерлеріміз жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала береді", - деп облыс басшысы ерекше атап өткен болатын.

"Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат"
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Соғыс жылдары Сыр өңірінен 70 мың азамат майданға аттанып, оның 30 мыңнан астамы қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Биылғы Жеңіс мерекесін 4 майдангеріміз қарсы алуда. Екі ғасырдың, алапат соғыстың куәгерлері, батыр аталарымызға барша Сыр жұртшылығы атынан амандық тілейміз, алдарыңызда бас иеміз", - деді аймақ басшысы.

"Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат"
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сұрапыл соғыс жылдары ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл қойылды.

"Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат"
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, соғыста Сыр елінің 21 азаматы ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды, 20 мыңнан астам жауынгер орден- медальдармен марапатталды.

"Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат"
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде аймақта Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3948 ардагер бар. Мерекеде барлығына бюджеттен біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді. Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне 2 млн 500 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098103-qyzylorda-oblysynyng-akimi-aimaq-turgyndaryn-zhengis-kunimen-quttyqtady/