Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 10 мамырдан бастап полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істей бастады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматыда полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. 10-20 мамыр аралығында Алматыда полицейлер күшейтілген режимде қызмет етеді.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және т.б. қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының саны артты.

"Қылмысқа мүлдем төзбеушілік" қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және өзге де қоғамдық орындарды аралап отыр. Сонымен қатар полицейлер көші-қон заңнамасын, оның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдарды тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарда.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, оған қоса бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, ұрлықпен және т.б. қылмыспен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша полиция департаменті жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098169-almatyda-politseiler-kusheitilgen-zhumys-rezhimine-koshti/