Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл жыл басынан бері Қазақстанның қай өңірінде ең көп бала дүниеге келді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сәби
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның қай өңірлерінде туу мен өлім көрсеткіші ең жоғары екені анықталды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда халық өсімі 58 435 адамға жеткен.

"Халықтың табиғи өсуі – елгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең.

Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Бұл есепке тек тірі туғандар енгізілген", - делінген хабарламада.

Бюро мамандарының айтуынша, туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 адамға 25,10 жаңа туған нәресте) мен Түркістан (24,71) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (23,57) ең жоғары.

Ал өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 адамға шаққанда 12,05 өлім), Шығыс Қазақстан (11,98) және Қостанай облыстарында (10,51) тіркелген. Өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болуы көбіне бұл өңірлердегі азаматтардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

7270 Қазақстан азаматы қан айналымы жүйесіне байланысты аурулардан, 3282 адам қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. 3546 адам тыныс алу мүшелерінің ауруынан, 2749 адам асқазан ауруларынан, 314 адам жұқпалы және паразит ауруларынан көз жұмған.

Сондай-ақ 130 адам өз еркінен тыс қылмыскерлердің құрбаны болса, 391 қазақстандық жол апатынан қаза тапты.

Қазақстандағы некелесу және ажырасу деректеріне келсек, 2024 жылдың алғашқы үш айында елімізде 26 733 неке қиылып, 8 792 ажырасу тіркелген.

Ең жоғары некелесу көрсеткіші Түркістан облысында (2946), ал ажырасулар көрсеткіші Алматыда (850) тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098346-biyl-zhyl-basynan-beri-qazaqstannyng-qai-ongirinde-eng-kop-bala-duniege-keldi/