Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихи оқиға": елімізде тұңғыш әйелдер экипажы рейс орындады

Опубликовано:

Аделина Луценко мен Екатерина Степина
Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина. Фото: t.me/caa_kaz

Қазақстанда тек әйелдерден құралған экипаж Тараз аэродромындағы Азаматтық авиация академиясында ұшу тәжірибесі тарихындағы алғашқы рейсін орындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Нәзік жанды пилоттар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағында әуеге көтерілді.

"Негізінен кез келген басқа ұшу кезіндегідей емес, бөлек сезім. Мен үшін бұл өзінен-өзі түсінікті жағдай. Оқу кезінде екі әйел нұсқаушы болған еді. Осыған қарамастан, академияның алғашқы әйел экипажы болғандықтан, өзімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар осы тарихи оқиға 2024 жылы болып отыр", - деді Аделина Луценко.

Қазіргі уақытта жас нұсқаушыға екі студент тіркелген. Бикеш оларға ұшу тәжірибесі бойы аспанды қалай бағындыруды үйретпек.

Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауынан өткен болатын. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098379-tarihi-oqiga-elimizde-tunggysh-aielder-ekipazhy-reis-oryndady/