jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы аптада елімізде бір күнге телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді

Теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: pexels.com

15 мамырда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты елімізде телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" АҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - деді компания өкілдері.
Алдағы аптада елімізде бір күнге телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.