Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қадіріне жете біл": Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен қызы Алау
Қайрат Нұртас пен қызы Алау. Видеодан кадр: Instagram/ kair_n

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 15 жастағы қызы Алаумен түскен видеосын жариялады. Көпшілік өнер иесінің отбасы мен балаларына бақыт тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы бейнежазбаны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Ол наурыз айында 15 жасқа толған қызының парақшасын белгілеген. Ал фонда Jah Khalib-тің "Доча" әні ойнап тұр.

Мұны көрген көпшілік әншінің отбасы мен балаларына ақ тілегін жаудырып, бақыт тіледі. Оқырман арасында Қайратқа ақыл-кеңес айтқандар да табылды.

"Ерте үйленгеннің пайдасы", "Қайрат, отбасыңның қадіріне жете біл. Жылтырағанға жүгірме. Жарыңа, отбасыңа адал бол", Әке ғой бәрібір, қызының ішін жауып тұр", "Осы қызы сұлу", "Біреудің баласы тез өседі деген осы", "Қызы анасына ұқсайды", "Керемет көрініс", Тіл-көзден аман болыңдар", "Жарқылдап өсе берсін", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098511-qadirine-zhete-bil-qairat-nurtastyng-qyzymen-tusken-videosy-elding-zhuregin-elzhiretti/