Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында мүмкіндігі шектеулі жандардан ақша алу күдігімен комитет қызметкері ұсталды

Опубликовано:

Ақша мен қол кісен
Ақша мен қол кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство өкілдері бюджет қаражатын халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлу кезінде де жемқорлық алдын алды.

"Агенттіктің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2 және 3-санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деп күдікке ілінген", - делінген хбарламада.

Кінәсін толық мойындауына байланысты сот күдіктіге қатысты "электрон білезік" қолдану арқылы "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Антикор мәліметінше, тергеу жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098535-zhetisu-oblysynda-mumkindigi-shekteuli-zhandardan-aqsha-alu-kudigimen-komitet-qyzmetkeri-ustaldy/