Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды

Опубликовано:

Алматы Халықаралық әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әуежайында полицейлер екі жолаушыны рейске жібермеді. Қыздар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды көліктегі полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматшасын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталған азаматшаларда орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталған.

"Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК (18 мың теңге)мөлшерінде айыппұл салынды", - деп мәлімдеді Көліктегі полиция өкілдері.

Көліктегі полиция қызметкерлері жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 30 871 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098586-almatyda-sheteldik-zholaushylar-dubaiga-ushatyn-reisten-shygaryldy/