Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"189 рет жол ережесін бұзған": Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады

Опубликовано:

Көлік басқарып келе жатқан күдікті
Күдіктінің көлігі. Фото: polisia.kz

Алматыда тәртіп сақшылары 6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар шетелдік көлік жүргізушісін ұстады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, шетелдік азамат 189 рет жол ережесін бұзып, 6,5 миллион теңгеден астам айыппұл алған.

Заң бұзушыны әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тоқтатқан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr автокөлігінде келе жатқан.

"Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұл. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098814-189-ret-zhol-erezhesin-buzgan-almatyda-politseiler-7-mln-tenggege-zhuyq-aiyppuly-bar-sheteldikti-ustady/